Бас жаңалықтар
Outlook-қа хакерлер шабуыл жасады
14 Сәуiр 2019, 13:17 703

Outlook-қа хакерлер шабуыл жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хакерлер e-mail адрестерді, құжатардың атауын және электронды хаттардың тақырыбын оқуға мүмкіндік алған, бірақ ішін аша алмаған.

Хакерлер 2019 жылдың басынан бері Outlook пошталық клиент пайдаланушыларының аккаунттарына кірген. Бұл туралы америкалық Microsoft корпорациясы хабарлады.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, кибер қылмыскерлер поштадағы папкалардың атауын, хаттың тақырыбын және пайдаланушылар хат алмасқан адамдардың электронды адрестерін ала алған.

Дегенмен папканың ішіндегісін олар аша алмаған. 

Шабуыл жасаушыларға пайдаланушыға бірнеше рет келген спамның көмегі тиюі мүмкін. Болашақта да шабуыл жасалған пошталарға осындай спамдар келе беретін болады.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...