Отырар ауданында күн электр стансасының құрылысы басталды

6 Наурыз 2021, 07:32
2295
Бөлісу:
Отырар ауданында күн электр стансасының құрылысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылының маңында қуаттылығы 50 МВт күн электр стансасының құрылысы бойынша жұмыстар басталды.

Бұл күн электр стансасы – еліміздегі күн энергетикасы секторындағы «Eni» халықаралық трансұлттық мұнай-газ компаниясының алғашқы ірі инвестициясы. Инвестициялық жобаның жалпы құны 12 млрд теңгені құрайды.
Электр энергиясы көздерін қайта жаңғырту – облыс экономикасының басым бағыттарының бірі. Түркістан облысында 320 МВт электр қуатының жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан, облыстағы қажеттілікті қанағаттандыру үшін бүгінде, күн және су электр станцияларын салу бойынша 10 инвестициялық жобалар іске асырылған, – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.
«Eni» халықаралық компаниясы жергілікті еншілес «Arm Wind» серіктестігі арқылы салып жатқан электр стансасы 100 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда 100 000-нан астам фотоэлектрлі панельдер, қосалқы станция мен ұзындығы 8 шақырым болатын әуе электр беру желісі салынатын болады.

Өзгелердің жаңалығы