АҚШ-тағы Ұлыбританияның елшісі отставкаға кетті

11 Шілде 2019, 12:51
1468
Бөлісу:
АҚШ-тағы Ұлыбританияның елшісі отставкаға кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тағы Ұлыбританияның елшісі Ким Дэррок отставкаға кетті, деп хабарлады 24.kz. 

Бұған бірнеше күн бұрын туындаған дипломатиялық жанжал себеп. Ақпарат құралдары Дэрроктың Трамп туралы жағымсыз пікірі жазылған хаттарын жариялады. 

Бұл жағдай АҚШ президентінің ашуын тудырғаны анық. Тіпті, Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасында ағылшын елшісімен бұдан әрі жұмыс істемейтінін ашық айтты. 

Таяқтың ұшы Британияның премьері-министрі Тереза Мэйге де тиген еді. Осыдан кейін Ким Дэррок қызметтен кетуге шешім қабылдаған. 

«Бүгін таңертең Ким Дэррокпен сөйлестім. Оның елшілік қызметтен кеткені өкінішті. Ол министрлер кабинетінің қолдауына ие екенін атап өттім. Ким Біріккен Корольдікке қызмет көрсету үшін өз ғұмырын арнаған. Осы үшін біз оның қызметіне шексіз ризашылығымызды білдіреміз», - деді Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй.

Өзгелердің жаңалығы