Бас жаңалықтар
Өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналым 14% өсті –  Қаржы министрі
15 Мамыр 2019, 11:29 543

Өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналым 14% өсті – Қаржы министрі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 14% өсіп, 11,7 млрд долларды құрады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайлов Қазақстан мен Қытайдың ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның экспорты 15%-ға өсіп, 6,3 млрд долларға жетті. Ал импорт 8 өсіп, 5,4 млрд долларды құраған. 

"Бүгінгі таңда елімізде 440 Қазақстан мен қытайлық бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытында оң үрдіс байқалуда. Әсіресе, машина құрастыру, фармацевтика және құрылыс материалдары, тау-кен өндірісі саласында бірлескен жұмыстар атқарылуда", - деді ол. 



Сондай-ақ, ол екі ел арасында мәдени және туризм саласы да дамып жатқанын жеткізді. 

"Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы ҚХР жасаған сапары арқасында мүмкін болып отыр. Яғни, топтық туристер бойынша жасалған келісім бар. Соның арқасында соңғы үш жылда Қазақстанға 230 мыңнан аса қытайлық турист келген. Өз кезегінде Қытайға 550 мың қазақстандық турист барған. Екі ел арасындағы іскерлік байланысты дамытуға барлық жағдай жасалып, қытай кәсіпкерлеріне визасыз кіру рәсімі бекітілген. Әуе байланысы да тұрақты түрде жұмыс істеп тұр", - деді министр. 



Сөз арасында ол қазіргі таңда екі ел арсында индустриялизация мен инвестиция бағытында 27 млрд доллардың 55 жобасы іске асырылып жатқанын сөз етті. 

"Оның 12 жобасы қазірден іске асырылып үлгерді. Бұл жобалардың арқасында жоғары технологиялы кәсіпорындар пайда болады және оның өнімдері шетел нарығына экспортталады", - деді ол.


Фото: автордан

Сізден жаңалық