Бас жаңалықтар
Өткен жылы 109,2 млн тонна көмір өндірілген
20 Қаңтар 2021, 06:26 219

Өткен жылы 109,2 млн тонна көмір өндірілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің көмір өндіруші компаниялары 2020 жылы 109,2 млн тонна көмір өндірді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өз кезегінде энергия өндіруші кәсіпорындарға 58,8 млн тонна көмір тиелді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,6% - ға артық. Өнеркәсіп кәсіпорындарына 5,6 млн тонна көмір жөнелтілді, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 10,6 млн тонна көмір тиелді. Көмір экспорты шамамен 29,3 млн тонна көмірді құрады.  

Естеріңізге сала кетейік, 2020-2021 жылдардағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер және халық үшін көмір өнімі қажеттілігінің қалыптасқан жоспарына сәйкес тұтыну көлемі шамамен 10 млн тоннаны құрады, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға шамамен 2,8 млн тонна, тұрғындар – 7,2 млн тонна болады. 

2021 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы жоспарға қатысты көмір қорымен қамтамасыз ету мынадай көрсеткіштерді құрайды: коммуналдық-тұрмыстық сектор – 93,4%; халық – 99,5%. 

Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарының және Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмір жеткізуді толық қамтамасыз етті. 

Сонымен қатар БҚО, Қызылорда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Павлодар облыстарының, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әкімдіктері халыққа көмір жеткізуді толық қамтамасыз етті.


Фото: дереккөз
Загрузка...