Бас жаңалықтар
Шетелден келген жолаушылардың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
17 Қаңтар 2021, 13:37 162

Шетелден келген жолаушылардың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 16 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді. 


2 031 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 600 адам, анықтамасыз 431 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 123 жолаушы, анықтамамен – 923, анықтамасыз - 200;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 471 жолаушы, анықтамамен - 416, анықтамасыз - 55;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 242 жолаушы, анықтамамен - 120, анықтамасыз - 122;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 195 жолаушы, анықтамамен - 141, анықтамасыз – 54.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.


Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша 2021 жылдың 15 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 216 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...