Өткен тәулікте шетелден 4 562 жолаушы ұшып келді

12 Маусым 2021, 15:11
1328
Бөлісу:
Өткен тәулікте шетелден 4 562 жолаушы ұшып келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 11 маусымында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.

2021 жылдың 11 маусымында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Швейцария, БАӘ, Мысыр, Грузия, Қытай, Түркия, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 33 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 4 562 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 2 530 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 134 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 5 рейс, 395 жолаушы,

Қарағанды қаласының әуежайына - 1 рейс, 188 жолаушы.

Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 165 жолаушы.


Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.


Өзгелердің жаңалығы