Өткен тәулікте шетелден 3 165 жолаушы келген

15 Мамыр 2021, 13:22
1100
Бөлісу:
Өткен тәулікте шетелден 3 165 жолаушы келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 мамырда Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Қытай, Германия, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 3 165 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 588 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 002 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 100 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 77 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 149 жолаушы;

Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 156 жолаушы;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 93 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.
Өзгелердің жаңалығы