Өткен тәулікте КВИ мен пневмониядан 9 адам көз жұмды

2 Желтоқсан 2020, 09:01
1252
Бөлісу:
Өткен тәулікте КВИ мен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 2.12.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 707 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 967 бала бар. Стационарларда 3 492 науқас жатыр. 10 215 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 223 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Өткен тәулікте КВИ мен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Өзгелердің жаңалығы