Өткен тәулікте індеттен 4 адам қайтыс болды

25 Қараша 2020, 09:17
1033
Бөлісу:
Өткен тәулікте індеттен 4 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 25 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты coronavirus2020.kz сайты жариялады.


Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 204 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 91 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 232 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 672 бала бар. Стационарларда 3 200 науқас жатыр. 8 032 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 203 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 41427, 432 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30207 жетті.
Өзгелердің жаңалығы