Өткен тәулікте елордадан 28,5 мың текше метр қар шығарылды

29 Қараша 2020, 22:34
990
Бөлісу:
Өткен тәулікте елордадан 28,5 мың текше метр қар шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың коммуналдық қызметі қар жинау жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізуді жалғастыруда.

28-29 қарашаға қараған түні қала жолдарын, тротуарларын, алаңдары мен басқа да қоғамдық аумақтарын санитарлық тазалауға 800-ден астам арнайы техника мен 150 жұмысшы жұмылдырылды. Өткен тәулікте 28,5 мың текше метр қар шығарылды.

Бүгін, 29 қарашада Нұр-Сұлтанда қар тазалауға 1900-ден астам жұмысшы шықты. Қалада 1200-ден астам арнайы техника жұмыс істейді.

Бірінші кезекте ереже бойынша, кептеліс болмауы үшін, қозғалыс өте көп жерлер тазартылады. Одан әрі орташа қозғалыс учаскелері – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар қардан тазартылады.

Қала жолдарының жаяу жүретін бөлігі тайғаққа қарсы материалдармен өңделеді, ол қар жауа бастағаннан себіледі. Бірінші кезекте, көлік қозғалысы үшін ең қауіпті магистральдар мен көшелердің учаскелері - өр және еңіс жолдар, көпірлер, тоннельдер, көше қиылыстарындағы және қоғамдық көлік аялдамаларындағы тежеу алаңдары өңделеді. Егер бірінші цикл аяқталғаннан кейін қар жауа берсе, қажетті жұмыстар қайталана береді.

Қар тазарту жұмыстары кешкі және түнгі уақытта, екі ауысымды режимде жүргізіледі. Сондай-ақ қар тазарту бағыттары да белгіленеді.

Бұған дейін хабарланғандай, қар қаланың барлық аудандарында орналасқан 11 полигонға шығарылады. Қалада қар жинау 24/7 режимінде жүргізіледі. Полигондарда бақылауға арналған фото-және бейнекамералар орнатылған.

Өзгелердің жаңалығы