Бас жаңалықтар
Өткен тәулікте елге 38 халықаралық әуе рейсі келді
17 Қыркүйек 2021, 13:40 172

Өткен тәулікте елге 38 халықаралық әуе рейсі келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 16 қыркүйекте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты.

Биыл 16 қыркүйекте еліміздің аумағына Германия, БАӘ, Грузия, Черногория, Түркия, Түрікменстан, Египет, Оңтүстік Корея, Швейцария, Нидерланд, Венгрия, Армения, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 38 халықаралық әуе рейсі келді. Өткен тәулікте 5 118 авиажолаушы келді. 

Оның ішінде: 

 Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 143 жолаушы;
 Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 389 жолаушы;
 Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 575 жолаушы;
 Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 229 жолаушы;
 Ақтөбе қаласының әуежайына 1 рейс, 147 жолаушы;
 Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 83 жолаушы; 
 Қарағанды қаласының әуежайына - 1 рейс, 166 жолаушы;
 Түркістан қаласының әуежайына - 2 рейс, 323 жолаушы;
 Орал қаласының әуежайына - 1 рейс, 63 жолаушы;

Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.


Фото: дереккөз
Загрузка...