Өткен тәулікте 6 370 авиажолаушы келді

25 Қыркүйек 2021, 13:05
1057
Бөлісу:
Өткен тәулікте 6 370 авиажолаушы келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 24 қыркүйегінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жариялады. 

24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Грузия, Түркия, Египет, Қытай, Үндістан, Әзірбайжан, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 47 халықаралық әуе рейсі келді. Өткен тәулікте 6 370 авиажолаушы келді. 

Оның ішінде: 

 Алматы қаласының әуежайына – 21 рейс, 2 878 жолаушы;
 Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 13 рейс, 1 710 жолаушы;
 Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 242 жолаушы;
 Ақтау қаласының әуежайына - 6 рейс, 722 жолаушы;
 Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 40 жолаушы;
 Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 238 жолаушы;
 Орал қаласының әуежайына - 2 рейс, 392 жолаушы;
 Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 148 жолаушы;

 
Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.

Өзгелердің жаңалығы