Бас жаңалықтар
 Өткен тәулікте 4 871 жолаушы келген
01 Қазан 2021, 11:43 927

Өткен тәулікте 4 871 жолаушы келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 30 қыркүйегінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жариялады.

2021 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Венгрия, Черногория, БАӘ, Грузия, Түркия, Египет, Иран, Ұлыбритания, Армения, Оңтүстік Корея, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 37 халықаралық әуе рейсі келді. Өткен тәулікте 4 871 авиажолаушы келді. 

Оның ішінде: 

 Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 2 504 жолаушы;
 Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 190 жолаушы;
 Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 163 жолаушы;
 Ақтау қаласының әуежайына - 3 рейс, 229 жолаушы;
 Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 118 жолаушы; 
 Атырау қаласының әуежайына - 3 рейс, 170 жолаушы;
 Қарағанды қаласының әуежайына - 1 рейс, 168 жолаушы;
 Түркістан қаласының әуежайына - 2 рейс, 329 жолаушы;

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.


Фото: дереккөз
Загрузка...