Бас жаңалықтар
Өткен тәулікте 132 жолаушы шетелден анықтамасыз келген
19 Қаңтар 2021, 15:58 205

Өткен тәулікте 132 жолаушы шетелден анықтамасыз келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 18 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Италия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, Беларусь Республикасынан 6 халықаралық әуе рейсі келді. 

878 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 746 адам, анықтамасыз 132 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 3 рейс, 558 жолаушы, анықтамамен - 443, анықтамасыз - 115;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 181 жолаушы, анықтамамен - 165; анықтамасыз - 17;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 139 жолаушы, анықтамамен - 138; анықтамасыз – 1.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша 2021 жылдың 17 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 588 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті, - деп хабарлады Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...