Өткен ғасырды көрген жандар тәуелсіздіктің қадірін түсінеді

23 Наурыз 2019, 18:28
2000
Бөлісу:
Өткен ғасырды көрген жандар тәуелсіздіктің қадірін түсінеді

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздіктің қадірін түсінейік! Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова Астана қаласына Тұңғыш Президент есімінің берілгенін оң бағалайды. Себебі, қиын-қыстау заманда ел болып кетуімізге зор еңбегі сіңген адам.

Қиындықты көргендер мойымайды. "Жоқ" демеу тек алға ұмтылса ғана жетістікке қол жеткізеді. Осылай деген Зәуреш Аманжолова өткен ғасырдың қиындықтарын есіне алды.

"Біз өткен ғасырдан осы ғасырға өткен жандармыз. Біздің өз бақытымыз бар. Үлкен жетісьігіміз бар. Сонау егемендік алған жылды көрдік. Мен бас дәрігер болдым. Қызметкерлерімізге беретін жалақы жоқ, дәрі-дәрмек жоқ, ота жасайтын материал болмады. Сонда да ешкім мойымады. Халық түсінді. Қалада отырсақ та қиындық көп болды. Ал, ауылдық жердегі жағдай тіптен нашар еді. Науқастарға құятын қан, беретін дәрі болмады. Сол кездегі тәжірибем кейін қызметте өсуіме себеп болды",-деді Мәжіліс депутаты.

Зәуреш Аманжолова Елорданың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертуді толық қолдайды. Сөзінше, елбасының елімізге, жерімізге, халқымызға сіңген еңбегі зор.

"Оны біз ғана емес, әлем біледі. Астананы көтеру, тұрғызу туралы да идея айтылған кезле кереғар пікірлер мен сөздер айтылды. Сонда да елбасымыздың болашаққа деген үлкен сенімі, даналығы алып шықты. Астанамыз құрылды. Қазір әр қазақ өз астанасына барғанда қуанады. Алматыдан Астана бұрын тек жұмыс сапарымен баратынбыз. Барған сайын жаңа ғимараттардың бой көтергенін көреміз. Өзге мемекеттерден келген әріптестерімізге Астанаға баруды ұсынатынбыз. Бас қаламызда өзіміздің қазақи қасиетімізге тән стильмен қатар Еуропа, Азияның да стилінде заманға сай ғимараттар бар. Тұңғыш Президентіміздің есімімен Қазақстанды да атаса болады. Жөні де, жолы да бар. Мен бас қаламмен мақтанамын",- деді Зәуреш Аманжолова.

Қазақстандықтарды Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова бірлік пен татулыққа шақырды. Осынау өтпелі заманда мемлекетімізге көз тіккен өзге елдердің алдында парасаттылығымызды көрсету қажеттігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы