Түркістан облысында отбасылық әлеуметтік сауда кешені ашылды

7 Шілде 2019, 14:56
3187
Бөлісу:
Түркістан облысында отбасылық әлеуметтік сауда кешені ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда күні қарсаңында Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Атакент кентінде отбасылық әлеуметтік сауда кешені ашылды. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Енді аудандағы еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін отандық және Түркия елінің сапасы жоғары киім-кешектері мен басқа да өнімдерін 10-15% арзан бағамен сатып ала алады.

Отбасылық әлеуметтік сауда кешенін ашудағы негізгі мақсат – тұрмысы төмен және аз қамтамасыз етілген отбасыларына қолжетімді баға қалыптастырып, қолдау көрсету.

DIM_7635.JPG

Сауда орнының тұсауакесер рәсіміне аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, тұрғындарды құттықтады.

"Аудан тұрғындарының қамы үшін сауда нарығында бағаны тұрақтандыру – басты міндеттеріміздің бірі. Бұл орайда ауданымызда ашылып жатқан әлеуметтік дүкендер мен осындай үлкен сауда кешендері бағаны тұрақтандыруға өз септігін тиігізіп келеді. Сондықтан, жаңадан ашылған кешендегі тауар бағаларын мен өзім жеке қадағалайтын боламын", - деді Бақыт Насырханұлы.

DIM_7540.JPG

Аудан басшысы жаңа нысанның лентасын қиып, жұмыс барысымен танысты. Нысан түгелдей заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, сауда кешені тұрғындардың еңбекке тартылуына да жол ашты. Қазірдің өзінде нысанда 25 адам жұмысқа орналасып үлгерген.

Айта кетейік, әлеуметтік сауда кешенінде тауар айналымы 45-50 млн теңгені құрайды. Барлық жастағы адамдар үшін киім-кешектер, аяқ киімдер, балаларға арналған ойыншытар және т.б. тауарлар мен өнімдер жеңілдетілген бағамен сатылады.

Өзгелердің жаңалығы