Бас жаңалықтар
Отбасылық зорлық-зомбылық: Павлодар облысында  2700-ге жуық әкімшілік құқық бұзылған
28 Қараша 2020, 16:05 141

Отбасылық зорлық-зомбылық: Павлодар облысында 2700-ге жуық әкімшілік құқық бұзылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында 2 660 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністері болып табылады. 

Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 2 660 әкімшілік құқық бұзушылық жасалды, – деді Департамент бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. 

Ол сондай-ақ өңірдегі учаскелік полиция инспекторларының отбасындағы зорлық-зомбылықтың жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс- шараларды тұрақты негізде жүргізетінін айтты.

 Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі себептері – жұмыссыздық, серіктеске материалдық тәуелділік, жанжал кезінде серіктестердің біреуінің эмоцияларын бақылай алмауы, балалық шақтан қалған психологиялық жарақаттар, мінез-құлықтың нашарлығы болып табылады. 

Мысалы, 27 қарашада Павлодар қаласының тұрғыны полицияға қоңырау шалып, отағасының мас күйде оны әдепсіз сөздермен балағаттап,  оған қатысты дене күшін қолданғанын хабарлады. Шақыртуға келген полиция қызметкерлері жанжалқойға қатысты қорғау нұсқамасын шығарды, сондай-ақ ол ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы  әрекеттер) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары зорлық-зомбылық құрбандарының жиі үнсіз қалатынан айтты. Сондай-ақ құқық бұзушыға қатысты арызданған күнде де кейінірек онымен татуласып, жәбірленуші әйел арызын қайтып алады.  Зорлық-зомбылық фактілеріне жүргізілген талдау  полицияға оған қатысты зорлық-зомбылық туралы арызданған әйелдердің 60 пайызының құқық бұзушымен татуласатынын, алдағы уақытта мұндай жағдай енді қайталанбайтынына сенетінін көрсетті. Бір таңқаларлығы, қайта жүгінген әйелдердің 40% пайызы арыздарын қайтарып алады, – деді Жасқайрат Қайыров.

 Полиция қызметкерлері отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан балалардың көбірек зардап шегетінін еске салады. Олардың естеліктерінде ата-аналарының жанжалдары мен қақтығыстары қалады және көбінесе олар есейгенде өз отбасында осындай мінез-құлық үлгісін қайталайды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...