Отбасылық сүт фермаларын қаржыландыру сомасы артты

28 Ақпан 2019, 14:35
1844
Бөлісу:
Отбасылық сүт фермаларын қаржыландыру сомасы артты

Алматы, BAQ.KZ. «Ырыс» бағдарламасы бойынша сүтті мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары 155 млн теңгеге дейін қарыз ала алады. Бұл туралы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.


Ақпан айында Қор «Ырыс» бағдарламасы бойынша несиелендіру шарттарын өзгертуге шешім қабылдаған.

«Әлеуетті қарыз алушыға берілетін сома 85-тен  155 миллион теңгеге дейін көтерілді. Сонымен қатар, несие мерзімі 12 жылға дейін ұзартылды, бұрын несиелер 10 жылға берілетін. Мал, техника мен жабдықты сатып алу бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 16 % құрайды, сондай-ақ жылына 10% мемлекет субсидиялайды. Тиімді мөлшерлеме жылына 6,4 %-дан басталады», - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несие департаментінің директоры Геррард Бааль.

Бұдан басқа, «Ырыс» бағдарламасының кепілдікпен қамту талаптары да өзгерген. Бұрын кепілдікке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік қойылатын болса, қазір кепілге болашақта несие қаржысынан сатып алынатын мүлік – мал, техника, құрал-жабдықтар алынады.

Бағдарлама басталғаннан бері Қор 114 отбасылық тауарлы сүт фермасын құру және кеңейтуге 4,4 миллиард теңге бағыттаған. Несиелік қаражаттың көмегімен сүт өндіру үшін 8 703 мал басы сатып алыныпты.
Өзгелердің жаңалығы