Отбасы құндылығын арттыратын фестиваль басталды

25 Тамыз 2019, 11:17
4455
Бөлісу:
Отбасы құндылығын арттыратын фестиваль басталды
PHOTO
Фото: автордан

Шымкент қаласы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Шымкент қаласында Орталық саябақта отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Otbasy Fest» фестивалі Қуыршақ театрының «Қожа және спорт» қойылымымен басталды.

Қала қонақтары мен тұрғындарынан басқа іс-шараға арнайы келген №3 және №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған отбасыдан шыққан бүлдіршіндер қатысты.

eaf090b4-01a4-4fa5-985f-3f1e2bd00e71.jpg

Айта кетейік, шараның мақсаты – отбасы институтын нығайту, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын ұлттық дәстүрдегі қазақстандық отбасының үлгісін насихаттауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және парасаттылық қағиадаларын енгізу.

2628f45a-e4a9-44e8-b3e2-d2ca1989b3f7.jpg

«Отбасы құндылығын сақтау және отбасындағы ауызбіршілікті сақтауға арналған фестивальде бала дүниеге келгеннен бастап, мектепке барғанға дейінгі және одан да үлкен жастағы балалармен жұмыс жасауға бағытталған. Бала дүниеге келгеннен бастап қалай күтім жасау керек, қалай массаж жасайды, бәрі осында көрсетіледі. Фестивальға №3, №4 балалар үйінен 100 шақты тәрбиеленуші келді. Бұл фестиваль екінші рет өтіп жатыр. Біріншісі жөргектегі балаларға арналса, бұл жолғысы «Мектепке жол» акцисы аясында мектеп оқушыларына арналып отыр. Шара бір күн бойы жалғасын табады. Балалар үйінің тәрбиеленуішілеріне арнайы концерттік бағдарлама қойылып жатыр. Олардың талантын ашуға, көңілдерін сергітуге бар күшімізді саламыз. Мұның алдында өткен екі күндік фестивальде мыңға жуық адам қамтылған болатын. Бұл жолы бір күнге жоспарлап отырғандықтан 500-ден астам адам қамтылады деген ойдамыз. Фестиваль туралы қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы шығарылым жасап, алдын ала жариялағанбыз», - деді Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» бөлім басшысы Динара Оралова.

390cdd57-9550-43f6-b1b7-55716f0c4f37.jpg

Бұдан бөлек, фестивальда қала тұрғындарына және әрбір отбасының мүшелеріне арналған секциялар орнатылды. Атап айтқанда, кеңес беру бұрышы, спорттық жаттығулар, дұрыс тамақтану, балаларға арналған мультфильм, конкурстар, ұтыс ойындары, тамақ фестивалі, концерттік бағдарламалар.

b0f426fe-863f-4463-a62d-32f8973a55cd.jpg

Орталық саябаққа келген ата-аналар мен балалар жоғары білікті мамандардан, заңгерлерден кеңес алу мүмкіндіктеріне ие болды. Сонымен қатар, визажист, шаштараз, тырнақ әрлеушілерінен де кеңестер алып жатты. Ашық ауда флешмоб, йога, би, сән көрсетілімі, бүкіл отбасыға арналған тимбилдингтер, айна, сабын, қағаз, дино шоуы, трансформаторлық шоу, трамплиндер, аквагримерлер, Қуыршақ театры, аспаз студиясы келушілерге арнап қызықты бағдарламалар ұсынады. Шараға қатысушыларға балмұздақ пен тәттілер үлестірілді.

Өзгелердің жаңалығы