Бас жаңалықтар
Отбасы құндылығы қоғам бірлігімен байланысты – 56 жыл отасқан ерлі-зайыпты
09 Маусым 2019, 16:03 284

Отбасы құндылығы қоғам бірлігімен байланысты – 56 жыл отасқан ерлі-зайыпты

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыстық сайлау комиссиясының ұсынған деректеріне сүйенсек, 14.00-ге дейін Тобыл-Торғай өңірінің 55,8%-ы дауыс беріп үлгерген.

Қостанай қаласы бойынша 800-дей адам қартаюына немесе мүгедектігіне байланысты сайлау учаскесіне бара алмайды. Ал, №59 сайлау учаскесінде мұндай санаттағы 6 адам бар. Олар үйлерінде отырып дауыс беруге өтінім берген.

«Бізде 2205 адам тіркелген. Жалпы, егде жастағылардың белсенділігі өте жақсы. Мысалы, қазірге дейін учаскеде тіркелген екі жүзден артық зейнеткердің жартысынан көбі келіп болды», - дейді №59 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Галина Травкина.

Жарты ғасырдан астам уақыт өмірдің ащы-тұщысын қатар көріскен ерлі-зайыпты Рысалды Қадірұлы мен Роза Қалиқызы сайлау учаскесіне үнемі бірге барады. Олардың пікірінше, маңызды оқиғаға үлес қосу – әр азаматтың қастерлі борышы.

«Біз 56 жыл отасып келеміз. Мен 42 жыл мектеп директоры қызметін атқарсам, жұбайым 32 жыл ұстаздық етті. Айтайын дегенім, біздің өмірлік таңдауымыз да бір болыпты. Отбасы құндылығын сақтау – өте маңызды. Ол екі адамның ғана емес, қоғамның ойы, түсінігі бір арнада тоғысқанда мықты бола түседі. Елімізде бейбітшілік, тыныштық сақталсын деп тілейміз», - дейді 81 жасар қария Рысалды Қадірұлы.



Фото: автордан

Сізден жаңалық