«Отбасы банк» кешіктірілген төлемдерге айыппұл салынбайтынын хабарлады

6 Қаңтар 2022, 15:17
1299
Бөлісу:
«Отбасы банк» кешіктірілген төлемдерге айыппұл салынбайтынын хабарлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кешіктірілген төлемдерге айыппұл салынбайды. «Отбасы банк» осындай хабар таратты.

Қаңтардың 5 мен 19 аралығында ипотекасын төлей алмағандарға ешқандай шара қабылданбайтынын айтты. Өсімақы жүрмейді. Банк елдегі жағдайға байланысты осындай шешім қабылдаған. 

Сонымен қатар республикадағы бұзақылық әрекеттер аяқталмайынша банктер ашылмайды. Бұл туралы Ұлттық банк өкілдері мәлім етті. 

Олардың мәлімдеуінше, қаржылық операцияларды жүргізу мүмкін емес. Интернет қалыпқа келгенде ғана мобильді қосымшалар арқылы төлем жасауға болады. Осы тұста көптеген банкомат істен шыққан. 

Ұлттық банк өкілдері мұны интернеттің жоқтығымен байланыстырып отыр. Банкоматқа ақша толтыру әзір мүмкін емес. Бүлік тоқтамайынша инкасаторлар да ақша тасымалдамайды. 

 

Өзгелердің жаңалығы