«OTAU TV» қолданушыларының саны 1,5 миллионға жетті

18 Қаңтар 2021, 20:22
1537
Бөлісу:
«OTAU TV» қолданушыларының саны 1,5 миллионға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «OTAU TV» спутниктік қызметі 60-тан астам отандық телерадиоарналарды біріктіріп, еліміздің барлық аймағының кез-келген нүктесіне сапалы әрі тегін ақпарат таратып келеді.  Бүгінде оны қолданушылардың саны 1,5 миллионға жетіп отыр.

Осындай ауқымды жұмыстың табысты іске асуымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева құттықтады.

Осыдан 10 жыл бұрын 2011 жылдың 18 қаңтарында елімізде «OTAU TV» Ұлттық спутниктік телерадио хабарларын тарату желісі өз жұмысын бастаған болатын. Содан бері «OTAU TV» спутниктік қызметі еліміздің барлық аймағына жоғары сапалы ақпарат таратып келеді. Бүгінде оны қолданушылардың саны 1,5 миллионға жетіп отыр. Халыққа хабар жеткізуді қамтамасыз ету ісінде «Қазтелерадио» мекемесі үнемі ізденіс үстінде. Бүгінде спутниктік және эфирлік телерадио хабарларын таратуды толық цифрландырумен қатар интернет-теледидар форматын да оңай игеріп, нәтижелі іске асырып келеді. 60-тан астам отандық телерадиоарналарды біріктіріп, еліміздің барлық аймағының кез-келген нүктесіне сапалы әрі жылдам және ең бастысы тұтынушыларға тегін ақпарат жеткізіп отыр.   Әрине осындай ауқымды жұмыстың табысты іске асуы – қатардағы қызметкерлерден құралған үлкен ұжымның табанды еңбегі мен жүйелі жұмыстарының нәтижесі екені даусыз. Сондықтан «Қазтелерадио» АҚ-ның барлық ұжымын осы мерейлі даталық мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Алдағы уақытта да қоғамға түрлі деңгейде хабар таратудың қолданыс аясын кеңейтіп, ұжымдық жұмыстарыңыздың әлеуеті одан ары арта берсін. Ел игілігін көздеген қызметтеріңізге толайым табыс тілеймін, – деді министр.

Өзгелердің жаңалығы