Отанымызға іс түскенде көмектесуіміз қажет - волонтер

3 Сәуір 2020, 18:46
1565
Бөлісу:
Отанымызға іс түскенде көмектесуіміз қажет - волонтер

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Балқаш ауданы Ақдала ауының тұрғыны әрі волонтер Құрман Мәдияр қажет кезінде мемлекетке қолұшын беруде өзіг міндетті санайтынын айтады.

Мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін жас маман президент әскерге шақыртуға тапсырма бергенімен өзіне ондай шақырту әлі келмегенін айтады. 

Өзім әскери комитетте запастағы лейтенант ретінде  тіркеуде тұрмын. Шақырып жатса әрине баруға қашанда дайынмын. Қазір Балқаш ауданындағы жастар бөлімінде тіркеуде тұрмын, сондықтан қажет кезінде волонтерлік істер атқарып тұрамын. Жақында коронавирус індетінің шығуына байланысты ауданымыздағы жағдайы төмен отбасыларға бетперде тараттық. Оның алдында жас мамандар  ауылдағы қарияларға көмектесіп тұратынбыз. Сондай-ақ аудандағы жастар жиі жиналып, флешмоб және басқа да пайдалы істер өткізетін едік,-дейді ол. 

Сонымен қатар ол, қоғам үшін қолынан келгенін аямайтынын айтады.

Әкімдік тарапынан кейде көмектерің қажет деп сұрау салады, оған қашан да дайынбыз. Дегенмен ешкімді міндеттемейді, бірақ қолыңнан келсе айналаңа көмектескенде тұрған ештеңе жоқ. Қажет кезінде мемлекетке қолұшын беруге өзімді міндеттімін деп санаймын. Отанымызға іс түскенде көмектесуіміз қажет. Егер шақырту келіп жатса ешқандай жұмыстан қашпас едім. Қай бағытқа міндеттесе, сол бойынша барар едім,-дейді жас маман.
Өзгелердің жаңалығы