Отандық вакцинаны неге елде құйдыра алмаймыз?

23 Сәуір 2021, 13:38
2602
Бөлісу:
Отандық вакцинаны неге елде құйдыра алмаймыз?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстанда COVID-19 қарсы вакцинация: ең өзекті сұрақтарға жауаптар» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде медицина ғылымдарының докторы, профессор, Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттар мен медициналық бағыттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Александр Гуляев айтты.

Вакцина өндіретін зауыттың құрылысы әлі жүріп жатыр. Құрылыс жабдықтарын алу, валидация деген сияқты шаруалар атқарылып жатыр. Осындай жұмыстар толық аяқталып, зауыт іске қосылған соң, отандық вакцинаны өз елімізде құю процесін қолға алуға болады. Қазіргі таңда Қарағанды фармацевтикалық кешенінен басқа, біздің елде вакцина құюға арналған алаң жоқ. Бұл бізде ғана емес, бірқатар шет мемлекетке де тән проблема. Толық өндіріс кешені жоспарланып отыр, зауыт салынып жатыр, жарақтандырылып жатыр. Бірақ дәл қазіргі сәтте әлі іске қосылмаған. GMP стандартына сай келетін вакцина құю алаңын іздеу мәселесі осыдан шығып отыр, - деді ол.

Оның айтуынша, БАҚ-дағы мәліметтерге сәйкес, Ресей өз өнімін Пәкістанда құйдырады, тағы бірқатар елмен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Ал вакцинаны Қарағанды фармацевтикалық кешенінде неге құйдырмасқа деген сауалға нақты жауап бере алмаймын. Кешеннің қуаты қаншалықты екенін айту қиын. Себебі мен келіссөздерге араласқан жоқпын. Бұл жерде технологиялық қиындықтар болуы мүмкін, - деді спикер.


Өзгелердің жаңалығы