Отандық спорт комментаторының әкесі халықаралық әйелдер күніне орай 8 шақырымға жүзіп шықты

6 Наурыз 2021, 11:50
4571
Бөлісу:
Отандық спорт комментаторының әкесі халықаралық әйелдер күніне орай 8 шақырымға жүзіп шықты
EX PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Триатлоннан ардагерлер арасында «Темір адам» атанған Бақытжан Бектенов 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай 8 шақырымға жүзді.

Талдықорған қаласындағы «Өркен» спорт кешенінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 8 шақырымға жүздім, - дейді ол.

Отандық спорт комментаторының әкесі халықаралық әйелдер күніне орай 8 шақырымға жүзіп шықты

Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында тұратын Бақытжан Бектенов жақында 61 жасқа толады. 

Отандық спорт комментаторының әкесі халықаралық әйелдер күніне орай 8 шақырымға жүзіп шықты

Ол республикалық, халықаралық деңгейде өтіп тұратын дуатлон, триатлондардың тұрақты қатысушысы. 

Тритлоннан 55-59 жас шамасындағылар арасында Қазақстан кубогында жеңіске жетіп, «Темір адам» атанған. 

Отандық спорт комментаторының әкесі халықаралық әйелдер күніне орай 8 шақырымға жүзіп шықты

Бұл кубокты үш рет жеңген әзірге жалғыз ардагер спортшы. 


Былтыр карантин кезінде Қазақстан триатлон федерациясы «еңбекқор спортшы» деп арнайы сыйлық тағайындаған. Өйткені бір апта бойы 1006 шақырымды велосипедпен жүріп өткен.

Айта кетейік, жалпы Бектеновтердің әулеті спортқа жақын. 

Үлкен қызы Айгүл Бектенова - нысана көздеуден спорт шебері. Қазіргі кезде ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Жазғы спорт түрлері басқармасының басшысы. 

Отандық спорт комментаторының әкесі халықаралық әйелдер күніне орай 8 шақырымға жүзіп шықты

Ал кіші қызы Индира Бектенова каратэден қара дан иегері. Осы күні Qazsport арнасының бас редакторы болып қызмет атқарады. Сонымен қатар спорттық трансляциялардың комментаторы.

Отандық спорт комментаторының әкесі халықаралық әйелдер күніне орай 8 шақырымға жүзіп шықты

Өзгелердің жаңалығы