Отандық спортшылар байдарка мен каное есуден жартылай финалға шықты

22 Тамыз 2019, 12:33
1937
Бөлісу:
Отандық спортшылар байдарка мен каное есуден жартылай финалға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венгрияның Сегед қаласында байдарка мен каноеде есуден әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлады Olympic.kz. 

Инни Клинова 200 метрге байдаркамен есуден жартылай финалға өтті. Ол өз тобында үшінші орын алған. Сергей Токарницкий 200 метрге байдаркамен есуден әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Сондай-ақ, каноемен 200 метрге жарысудан Тимур Хайбуллин жартылай финалда бақ сынайды. Ол іріктеу сынын өз тобындағы бірінші орынмен аяқтаған.  Бүгін каноемен 1000 метрге жарысудан ағайынды Емельяновтар сынға түседі. Сонымен қатар, төрт адамдық байдаркамен есуден іріктеу кезеңі басталады.  
Өзгелердің жаңалығы