Бас жаңалықтар
Отандық деректі фильмдер Севастопольдағы кинофестивальге қатысады
08 Мамыр 2019, 12:36 513

Отандық деректі фильмдер Севастопольдағы кинофестивальге қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Николай Раисовтың «Соғыстың 60 күні» фильмі мен Берік Жахановтың «Ата кәсіп» фильмдері Севастопольдағы XV «Бірге жеңіске жеттік» халықарылық деректі фильмдер және телебағдарламалар кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысады. 

Фильмдерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов киностудиясы түсірген. 
"Шығармашылық адамдарының басын қосатын фестиваль Севастопольде мамырдың 12 мен 18 аралығында өтеді. Фестивальдің өту орны арнайы таңдалған. Севастополь Екінші дүниежүзілік соғысынан аман қалған батыр-қала. Фестивальдің «Бірге жеңіске жеттік» деп аталуы да үлкен мәнге ие", - делінген таратылған ақпаратта.   
 
«Соғыстың 60 күні» фильмі Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан, Можайск майданы бағытындағы қорғанысқа және сол жерде неміс дивизиясына төтеп берген қазақстандық үш атқыштар 238-ші, 312-ші және 316-шы дивизиясы туралы.
"Бұл фестиваль – тарихпен жанасу. Мен фильмді түсіру барысында ардагерлермен араласа, сөйлесе келе, сұрапыл соғыстың қиянатын анық сездім", - дейді режиссер Николай Раисов. 
 
«Ата-кәсіп» деректі фильмі «Қазақстанның түркі тектес халықтары» циклы бойынша арнайы түсірілген. Бұл деректі цикл көп ұлтты Қазақстанда тұратын түркі этносына арналған. Аталған деректі фильм өзбек ұлты туралы, оның ішінде ата-кәсіп – бесік жасаумен айналысатын 47 жастағы Абдуманат Зупаров есімді шебердің өмірін баяндайды. 
 
"Бұл фестивальге фильміміздің өткені қуантады. «Қазақфильм» киностудиясына сенім білдіріп, қолдау көрсеткеніне рақмет", - деді режиссер Берік Жаханов.

 

Загрузка...

Сізден жаңалық