Отандық атлеттер Өзбекстанда үш алтын жеңіп алды

19 Тамыз 2019, 15:49
1381
Бөлісу:
Отандық атлеттер Өзбекстанда үш алтын жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ташкентте жеңіл атлетикадан Өзбекстанның ашық кубогі аяқталды. Аталған сынға 20 қазақстандық атлет қатысты, деп хабарлады olympic.kz. 

Халықаралық турнирдің қорытындысы бойынша қазақстандықтар 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. 

Алтын: Мария Овчиннкова (үш қарғып секіру), Давид Ефремов (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Алексей Гусаров (1500 метр); Күміс: Абдулазиз Абдукаюмов (800 метр), Марина Хусейнова (ұзындыққа секіру), Виталий Терехин (спорттық жүріс), Екатерина Нестерова (ядро лақтыру); Қола: Евгений Прокудин (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Витадий Земс (100 метр), Екатерина Нестерова (балға лақтыру).  
Өзгелердің жаңалығы