Отандық аграрлық техниканы сатып алушыларға субсидия беріледі – министр

26 Наурыз 2019, 10:19
1281
Бөлісу:
Отандық аграрлық техниканы сатып алушыларға субсидия беріледі –  министр

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров сейсенбідегі Үкімет отырысында Қазақстанда жасалған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алушыларға пайыздық субсидия берілетінін мәлімдеді.

«Қазақстан нарығында жылына 100-120 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынады. Оның 90%-ы шетелдік және ТМД техникасы болса, 40%-ы – отандық техника. Отандық техниканың бүгінгі әлеуеті жоғары, көлемі жылдан-жылға өсіп келе жатыр. Отандық техника шығарушыларды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында, бүгінде елімізде шығарылған техниканы сатып алушыларға техника бағасынан 25% көлемінде инвестициялық субсидия беріледі. Бұл мәселені айтқан кезде облыстық әкімшіліктердің жергілікті бюджет тарапынан қосымша тағы 10% беруге мүмкіндігі бар. Сонда инвестициялық субсидия көлемі 30%-ға жетеді», - деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Ол инвестициялық субсидия беруден басқа лизингке алынған отандық техниканың лизингтік ставкасының 10% субсидияланатынын айтты.

 

Өзгелердің жаңалығы