Отандастарымыз өз пікірлерін ашық айта бастады – президент

6 Қыркүйек 2019, 11:30
2456
Бөлісу:
Отандастарымыз өз пікірлерін ашық айта бастады – президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр. Отырысқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етуде.

«Бүгін дәл осындай жаңа форматта кездесіп отырғанымыздың өзі бәріміздің оң өзгерістерге мүдделі екенімізді көрсетеді. Халық бізден нақты ұсыныстар мен нәтиже күтіп отыр. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі осы міндетті ойдағыдай жүзеге асыратын бірегей құрылымға айналады деп сенемін. Біз халық сенімін ақтауымыз керек. Әрбір азаматтың мүддесі біз үшін өте маңызды. Отандастарымыз ел болашағына бейжай қарамайтын болды. Ашық түрде өз пікірлерін айта бастады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, азаматтық қоғам белсенді бола бастады. Бірақ кейде қоғамға кемелдену жетіспейді. Дегенмен, оған да біртіндеп қол жеткізіледі.

«Бұл дегеніміз, біздің демократия нығайып келеді, ал азаматтық сана патриоттық құндылықтарға негізделіп келеді деген сөз», - деді Тоқаев.

Бұған дейін Президент жанындағы Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы басталғаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Тоқаев «Жолдауда айтылған бастамаларды Ұлттық кеңес аясында қарастыру қажет» деген еді.
Өзгелердің жаңалығы