"Отандастар" қоры шеттегі қазақтар арасында байқау жариялады

30 Наурыз 2019, 10:38
4730
Бөлісу:
"Отандастар" қоры шеттегі қазақтар арасында байқау жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Отандастар" қоры мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы халықаралық байқау ұйымдастырды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

"Жас отандастар, тағы бір маңызды xабарлама! Сіздерді "Отандастар" қоры мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұйымдастыратын халықаралық байқауға қатысуға шақырамыз! Шетелдегі қандастарымызға Қазақстанның Елордасы күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласына келіп, уақытты қызықты өткізуіне мүмкіндік! Қапы қалмаңыз!" - делінген хабарламада.

«Ұлы Дала Елі» халықаралық шығармашылық байқауына (эссе жазу) 13 пен 18 жас аралығындағы шетелде тұратын қазақ диаспорасы өкілдері қатыса алады. 

Байқауға қатысу үшін шығармашылық жұмыстарын (эссе) 2019 жылдың 1 сәуірінен 30 мамырына дейін ulydala@oq-bilim.kz электрондық поштасына жіберу керек. Конкурстың жеңімпаздарына Қазақстан астанасына жолдама беріледі. 

Толық ақпаратты http://oq-bilim.kz/ сайтынан білуге болады.

Өзгелердің жаңалығы