Бас жаңалықтар
Отандық туризмді дамыту мәлелелері талқыланды
29 Мамыр 2020, 20:49 231

Отандық туризмді дамыту мәлелелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде "Экотуризм арқылы тұрақты дамуға: алғышарттар мен мүмкіндіктер" тақырыбында республикалық семинар өтті.

Онлайн форматта ұйымдастырылған басқосуға Жаратылыстану факультетінің ғалымдары мен оқытушылары ұйытқы болды. Отандық туризмді дамытудың тың тетіктері мен басым бағыттары талқыланған жиынға Алматы қалалық Туризм басқармасының мамандары мен туристік ұйымдардың өкілдері және жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары қатысып, өзара пікір алмасты.

Сондай-ақ шарада Жаратылыстану факультетінің деканы Қажымұқан Кішібаев сөз сөйлеп, көтеріліп отырған тақырыптың маңыздылығына тоқталды. Ол жергілікті туризм мамандарын даярлаудағы Қыздар университетінің рөлі мен бүгінде осы тарапта атқарылып жатқан жұмыстар турасында да атап өтті.

Табиғатты сақтай отырып, туризмді дамыту – ел экономикасын тұрақты табысқа жетелейді. Ол үшін Қазақстанда алғышарттар жетерлік және мүмкіндіктер мол. Туризм саласын қалай дамытатындығымыз, осы ресурстарды қалай ұтымды пайдаланатындығымызбен тығыз байланысты болмақ, – деді семинарға қатысушылар.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...