Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған гала-концерт өтті
PHOTO VIDEO
8 Мамыр, 10:04 696

Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған гала-концерт өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери оркестрі мен ансамблінің шығармашылық ұжымдары елорда қонақтары мен тұрғындарын Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен құттықтады. 

Мерекелік бағдарлама «Атырау» көпірінде Әскери марш орындаудан басталды. Әуен ырғағымен музыканттар Есіл өзенінің жағасындағы амфитеатрға дейін барып, сол жерде "Қуатты Армия. Қуатты Қазақстан" концерті басталды.

Көрермендер кәсіби әртістер мен «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері орындаған әскери-патриоттық әндерді, соғыс жылдарындағы әуендерді, театр және би қойылымдарын жылы қабылдады. 

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған мерекелік концерттерді өткізу KeruenCity сауда ойын-сауық орталығында және «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда жалғасын тапты. Осындай шаралар Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ұжымының игі дәстүріне айналды.


Фото: дереккөз
Загрузка...