Бас жаңалықтар
Отан қорғаушылар күні қарсаңында полицейлер марапатталды
06 Мамыр 2019, 14:24 917

Отан қорғаушылар күні қарсаңында полицейлер марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7-мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 74 жыл толу мерекелеріне орай, сондай-ақ жеке құрамды патриоттық тәрбиелеу мақсатында  Нұр-Сұлтан қаласы МКҚБ-да мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Ардагерлерге құрмет көрсету ІІО-да дәстүрге айналған игі шаралардың бірі. Осы орайда  Ұлы Отан соғысының ардагерлері В.Е. Сонин, К.Т. Айтымбетов және ішкі істер органдарының ардагері отставкадағы полиция полковнигі Б.А. Майкибаев қонақ ретінде арнайы шақырылды. 

Мерекелік іс-шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы МКҚБ-ның жеке құрамы салтанатты сапқа тұрып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған 15 жас буыннан салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өткізілді.

Сонымен қатар қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін,  7-мамыр Отан қорғаушылар және 9-мамыр Жеңіс күні мерекелеріне орай Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция майоры Д.Ж. Қабдолдин ІІ дәрежелі «Ішкі icтep органдарының үздігі» төсбелгісімен, ал полиция старшинасы Ш.М. Досмаханов алғыс хатпен марапатталды. Бұған қоса 9 қызметкер Нұр-Сұлтан қаласы МКҚБ-ның грамотасымен марапатталды және 9 қызметкерге алғыс жарияланды. 

ІІО-ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып, қызметте болудың шекті жасына жетулеріне орай зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, шығарып салу рәсімі өткізілді. Мерекелік шарада еліміздің тыныштығына үлес қосқан ағаларымызға қазақ үрдісін нағыштай отыра иықтарына шапан жабылды, сыйлықтар табысталды. Өз кезегінде зейнеткерлер мерекелік лебіздерін білдіріп, жастарға өсиет ақылдарын айтты.

Іс-шара соңында жеке құрам саптық шерумен жүріп өтіп, өздерінің саппен жүру шеберліктерін көрсетті.  Арнайы шақырылған қонақтарға мерекелік дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық