Бас жаңалықтар
Отандық компания өкпені жасанды желдетуге арналған аппаратты тегін береді
26 Наурыз 2020, 12:39 159

Отандық компания өкпені жасанды желдетуге арналған аппаратты тегін береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. “Қазақстан инжиниринг” ҰК короновирусқа қарсы Үкімет қабылдап жатқан шаралар аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне өкпені жасанды желдетуге арналған 180 аппарат жинағын тегін беруге әзір.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне қарағанда, бұл аппараттар компанияның еншілес кәсіпорны “Тыныс” зауытында шығарылады. Аппарат өз бетінше жеке және жалпы оттегі беретін жүйеге де қосылып жұмыс істейді.

Бұл- “Көкшетау-4” деп аталатын жаңа үлгідегі 2019 жылы жасалған және өкпені оттегі-ауа қоспасы арқылы желдетуге арналған аппарат.

Сондай-ақ, осы өнім көлемін көбейтуге кәсіпорынның өндірістік қуаты жеткілікті- дейді “Қазақстан инжиниринг" ҰК Басқарма төрағасы Қ.Бишімов.


Фото: дереккөз
Загрузка...