От ортасынан оралғандар

8 Мамыр 2022, 11:30
2186
Бөлісу:
От ортасынан оралғандар
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша республикада 387 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Ал 2021 жылы елімізде  соғысқа қатысқан 665 адам тұрған. Олардың саны бір жылда 278-ге дейін қысқарды. 

2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске үлес қосқан 72 468 азамат бар.

Ал елордада Ұлы Отан соғысының 18 ардагері тұрады. Ең үлкені 102 жаста болса, ең кішісі 96 жаста. 9 мамырға дейін оларға 1 миллион 13 мың теңге біржолғы жәрдемақы төленді. ҰОС-қа үлес қосқандарға да төлемақы беру қарастырылған. 

-ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне – 1 миллион теңге;

-концлагерьлердің кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 100 мың теңге;

-қоршаудағы Ленинград тұрғындары мен ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлеріне – 60 мың теңге;

-ҰОС қайтыс болған мүгедектердің әйеліне (күйеуіне) және тыл еңбеккерлеріне – 30 мың теңге.

Бүгін бірқатар ардагердің еңбегі мен ерлігі туралы айтуды жөн көрдік.

Александр Бабичев

1921 жылы Ақмола қаласынан 20 шақырым жерде Александровка ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1938-1939 жылдары Ақмола-Қарталы теміржол желісінде жұмыс істеп, осы желіні төсеуге қатысқан. 1939 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Батыс шекараға Брест-Литовскке, Солтүстік Буг өзеніне жіберілді. Курск доғасындағы шайқастарға қатысып, Украина, Румыния, Чехословакияда соғысты, Жеңісті Венгрияда қарсы алды. 12-ші гвардиялық полкінің миномет ротасының командиріне дейін қызмет етті.

От ортасынан оралғандар

Соғыстан кейін №317 қорғаныстық маңызы бар зауытта жұмыс істеді.  1954 жылдан бастап тың жерлерді игеру басталды, Александр Семенович өз өмірін ауыл шаруашылығымен байланыстырды. 

1981 жылы жасына байланысты зейнетке шықты, алайда 1996 жылға дейін жұмыс істеуін тоқтатқан жоқ. Өзінің еңбек жолы, жұмысқа адал қарау кезеңінде бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.

Мынадай әскери марапаттары бар: ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, көптеген медальдар.

Қайырлы Жонқабаев

Қайырлы Уатайұлы 1921 жылы 10 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1940 жылы ШҚО Құлжа орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 1941 жылы қазан айында Панфилов дивизиясының 23-ші гвардиялық полкіне Қызыл Әскер жауынгері болып алынды.   

От ортасынан оралғандар

Ардагер соғысқа басынан аяғына дейін қатысқан. 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында пулеметші болған, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллинмен бір ротада болған, Белоруссия, Польша, Эстонияны азат етуге қатысқан.    1943 жылы ақпанда Ржевтегі қанды майданда ауыр жараланған, жеңісті Дрезденде қарсы алды.   

Соғыстан кейін Самар аудандық атқару комитетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. Әрі қарай аудандық тұтынушылар одағының жүйесінде басшылық лауазымдарында болған.   1970 - 1983 ж.ж. Алматыдағы общепит жүйесінде шаруашылық есептерінің директоры болды. 1983 жылы құрмет демалысына шықты, бес бала тәрбиелеп өсірді. 

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз», және ІІ дәрежелі «Отан соғысының» орденімен, «Ерлігі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін» медальдарымен және басқа да көптеген медальдармен марапатталған.

Мысалы Махамбетов

1925 жылы 15 қаңтарда Коммунар ауылы Сарысу ауданы Жамбыл облысында дүниеге келген.

От ортасынан оралғандар

Әскер қатарына 1943 жылы мамыр айында шақырылған. Амурск-Слабоводск қаласында 21 миномент жаттығуында болып, кейіннен Мәскеу қаласында 4 инженер-саперлік бөлімшесінде барлаушы болып дайындықтан өткен.  Балтық жағалауындағы соғыста барлаушы болған. Жеңіс күнін Балтық теңізінен Берлинге бара жатқанда қарсы алған. Соғыстан кейінде әскерде болып, елге 1950 жылдары оралған.

Елге оралғаннан кейін 1951 жылы Алматыда Кинотехникумға түскен, аталған техникумды тәмәмдағаннан кейін  кино жүйесінде 25 жыл үздіксіз жұмыс атқарған. Құрметті еңбек демалысына Автобаза мекемесінен есепші болып жүргенде шыққан. 8 ұл-қыз өсіріп, солардың ұрпағынан 24 немере 2 шөбере сүйіп отыр.

Мамыров Сихымбай

1920 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Шу ауданы Көкқайнар ауылында дүниеге келген.

От ортасынан оралғандар

1941 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. 132 атқыштар дивизиясының 712 Атқыштар полкінің пулеметшілер бөлімінің командирі. Мәскеу қаласын қорғауға, Украина, Польша, Румыния, Венгрияны азат етуге, Берлинді алуға қатысқан. Соғыстың төрт жылында Мәскеуден Берлинге дейін шайқасып жаяу өткен. Кеңес Одағының Батыры И.В. Панфилов атындағы дивизия құрамында соғысқан.

Соғыстан кейін туған өлкесі Жамбыл облысына оралып, зейнеткерлікке шыққанға дейін совхозда жүргізуші, қойма меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Мынадай марапаттары бар: «ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордені, «ІІІ дәрежелі Даңқ» ордені, «ІІ дәрежелі Даңқ» ордені, «Германияны жеңгені үшін» медалі, 18 мерейтойлық медаль.

 

Өзгелердің жаңалығы