Қостанайлық еріктілер ХҚО қызметкерлеріне көмектесуде

6 Маусым 2020, 02:26
1008
Бөлісу:
Қостанайлық еріктілер ХҚО қызметкерлеріне көмектесуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еріктілер күн сайын қостанайлық ХҚКО қызметкерлерімен бірлесіп, азаматтарды ақпараттандыруға және оларға кеңес беруге көмектеседі. Олар қызмет алушыларға ХҚО-ның жаңа форматын, кезекті қалай брондау керектігін айтып, мобильді азаматтар базасына тіркелуді үйретуде.

Қостанай ХҚКО-лары жаңа форматта жұмыс істейді. Оған сәйкес ХҚКО-да электронды форматта қолжетімсіз "қағаз жүзіндегі" қызметтер ғана көрсетіліп, egov.kz порталында рәсімделген қызметтердің нәтижелері беріледі. Бұл ретте ХҚКО-ға жүгіну үшін алдын ала кезекті брондау қажет. Электрондық форматта қолжетімді қызметтер қалалық ХҚКО-да енді көрсетілмейді. Оларды енді өз бетінше алу керек.

Біз мамыр айындағы жұмысымыздың қорытындысын шығардық. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қостанайлық филиалы өткен айда 41 016 қызмет көрсетті. Егер қызмет алушылардың арасында ең көп сұратылған қызмет туралы айтатын болсақ, онда ЭЦҚ алу (11 038), автокөлікке мемлекеттік нөмір алу (6 336), жылжымайтын мүлікті тіркеу (4 489) және жүргізуші куәлігін алу (3 279) қызметтерін атап өтуге болады. Әрине, ХҚКО ашылғаннан кейін көптеген қызмет алушы паспорт пен жеке куәлікті ауыстыру үшін келген (мамыр айында 11 045 құжат берілді), – деді Қостанай облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" филиалының директор орынбасары Шыңғыс Әшірбеков.
Сонымен бірге, Шыңғыс Әшірбеков қостанайлықтар көптеген атқарылған ақпараттық жұмыстарға қарамастан, ХҚКО-ға келіп, қызметтерді қалай алуға болатындығын, электрондық цифрлық қолтаңбаны қалай алу немесе ХҚКО-ға кезекті қалай брондау керектігін сұрайтынын айтты. Қостанай қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарына еріктілер көмекке келіп, азаматтарға көшеде кеңес беріп жатыр. Кеңес көрсетуге "Жас Отан" белсенділері мен ГрИн студенттері қатысып жатыр.
Біз ХҚКО-ның жаңа жұмыс форматымен таныстық. Қостанайлықтар 1414 нөмірі бойынша кеңес ала алатынына қарамастан, ХҚКО-ға тікелей келетінін естідік. Осыған байланысты біз өз тарапымыздан көмек көрсету туралы шешім қабылдадық. Біз арнайы оқытудан өттік. Жеке сұрақтар мен проблемаларды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету алгоритмдерін білдік, – дейді Қостанай облысындағы Азаматтық Альянстың төрайымы Динара Өтебаева.

Өзгелердің жаңалығы