Қостанайлық диқандар 4 млн 700 мың гектар жерге дән себеді

18 Ақпан 2019, 10:11
1826
Бөлісу:
Қостанайлық диқандар 4 млн 700 мың гектар жерге дән себеді

Астана, BAQ.KZ. Қостанай облысында егіс науқанына дайындық қызу жүріп жатыр. Алдағы көктемгі дала жұмыстарында аймақ диқандары 4 млн 700 мың гектар жерге дән себеді. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Алқаптарға рапс, күнбағыс, зығыр сияқты майлы дақылдар егіледі. Егістік жерлерінің шамамен 4 миллион гектары әртараптандырылады.

Естеріңізге сала кетсек, былтырғы күзгі жиын-терімде облыс қамбаға 5 миллион тоннадай астық құйған.

«Биыл былтырғы жылмен салыстырғанда майлы дақылдардың алаңы 46 мың гектарға өседі. Мал азықтық дақылдардың көлемі 25 мың гектарға, картоп алқабы 245 гектарға және көкөніс алаңдары 129 гектарға  артады», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Қабделов.

 

Өзгелердің жаңалығы