Бас жаңалықтар
Қостанайда патриоттық байқау жеңімпаздары марапатталды
PHOTO
04 Маусым 2020, 15:55 133

Қостанайда патриоттық байқау жеңімпаздары марапатталды

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайда "Мен патриотпын" облыстық жобасының үздіктері анықталды. Дәстүрлі байқаудың жеңімпаздарын облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев марапаттады.

Биылғы байқауда 103 үміткер бақ сынаған. Алайда, олардың арасынан әр салада үздік еңбегімен көзге түскен 15 азамат жеңімпаз атанды.

IMG_9771.JPG

"Мен патриотпын" байқауының үздіктерін марапаттау рәсімін жыл сайын ҚР Рәміздер күніне орайластырамыз. Себебі, мемлекеттік рәміздер – асқақ отансүйгіштіктің белгісі. Осы жылғы жобада он номинация бойынша 15 жеңімпаз белгілі болды. Карантинге байланысты рәсімді тар шеңберде өткізіп отырмыз. Әйтпесе, бұл азаматтардың ерлік істерін өзгелерге үлгі ету үшін ауқымды форум ұйымдастыруға болар еді. Біз бүгін 9 үздікті марапаттаймыз. Қалған жеңімпаздар да өздерінің аудан-қалаларында құрметке кенеліп жатыр, - деді салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.
Үздік деп танылғандардың қатарында Жангелдин ауданы, Тоқанай ауылының 70 жастағы тұрғыны Қамай Қапаровтың да есімі аталды. Зейнеткер ауыл маңындағы блок-бекеттің сақшыларына күн сайын үйінен тамақ тасып, қамқорлық көрсеткен. Сонымен бірге, ерлік ісімен көпшіліктің алғысына бөленген тәртіп сақшылары Жанболат Жаутин мен Амантай Байжановқа да марапат табысталды. Олар 22 сәуір күні Қостанай қаласының Алтынсарин көшесінде өртенген көпқабатты үйден 15 адамды құтқарып алып шыққан.

IMG_9815.JPG

Қос батыр ҚР Ішкі істер министрлігінің медалін тағынды. Жиында аты айрықша аталғандардың тағы бірі – Қазақстанның бокс құрамасы
сапында Токио олимпиадасына жолдама жеңіп алған жалғыз қыз Надежда Рябец. Оған естелік сыйлықты тапсырып тұрып Марат Жүндібаев: "Надеждаға үлкен үміт артамыз. Осы марапаты олимпиада жүлдесінің бастамасы болсын" деген лебізін білдірді.


Фото: автордан
Загрузка...