Қостанайда карантин талаптарын бұзу жиілеген

21 Мамыр 2020, 00:28
1229
Бөлісу:
Қостанайда карантин талаптарын бұзу жиілеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда карантин талаптарын бұзу жиілеген. Бұл туралы арнайы штабқа тұрғындардан көп шағым түсіп жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Қаладағы мониторинг тобы рейд жүргізіп, бірқатар бизнес нысанының ережені толық сақтаймайтынын анықтады. Мысалы, сатушылардың дені қолғапсыз жүр. Тұтынушылар арасында да ережені елемей, дүкенге бетпердесіз кіретіндер кездеседі. Қаланың қақ ортасындағы дәмханалардың бірі келушілерге ғимарат ішінде ас-ауқат беріп жатыр. Талап бойынша олар тағамды тек тапсырыс бойынша дайындап, жеткізуі тиіс. Карантин ережесін бұзған дәмхана иесіне хаттама толтырылды. Ол енді 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуі мүмкін.
Түсініктеме алу керек. Соның бәрін жинақтап, фото, бейне материалдармен толықтырып, сотқа жібереміз. Қандай жазаға тартатынын сот шешеді. Ол соттың құзіретінде, – деді облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Асқар Әлмағанбет.

Өзгелердің жаңалығы