Бас жаңалықтар
Қостанайда карантин ережесіне бағынбағандар жазаланды
14 Шілде 2020, 03:38 137

Қостанайда карантин ережесіне бағынбағандар жазаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда бес кәсіпкерлік нысанның жұмысы тоқтатылды. Олар локдаун режимі кезінде астыртын жұмыс істеген.

Мұндай заң бұзушылықтарды рейдке шыққан арнайы мониторингтік топ анықтады. Бұл туралы "Хабар 24.kz" сайтында хабарланды.

Айта кету керек, аймақта эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты өткен демалыс күндері бірқатар шектеу енгізілген. Алайда сол мезгілде себепсіз емін-еркін көше кезіп жүргендер аз болған жоқ. Ал қоғамдық тамақтану орындары, интернет клубтар тәртіпке бағынбай жұмыстарын жалғастыра берген. Енді олар отыз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Сонымен бірге коттедждерде мерекелік басқосулар, офистерде семинарлар өткізбек болғандардың әрекеті жүзеге аспады.  

Жеке тұлға өзінің кәсібін тіркемей суши, пицца жасап, тапсырыстар қабылдайтыны анықталды. Ол орын біздің басқармада тіркелмеген болып шықты. Барлық заң бұзушылықтар іс жүзінде жүргізіліп жатыр. Әр заң бұзушылыққа әкімшілік іс қозғалады, – деді Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Анар Сүлейменова.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...