Қостанайда 13 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда

4 Сәуір 2020, 05:25
1140
Бөлісу:
Қостанайда 13 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда 13 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қала және аудан әкімдерімен өткен селекторлық кеңесте айтқан.

Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу үшін мемлекет басшысының халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі нақты жобаларды бастауды тапсырды.
Біздің облыста бағдарлама аясында 13 435 жұмыс орнын ашу жоспарлануда, оларға жұмыспен қамту орталықтарының бағыттары бойынша 6 718 адам жұмысқа орналасады. Бағдарлама шеңберінде жұмысқа шығуға дайын азаматтарға жұмысқа орналасқаннан кейін бірден 2 ЕТЖ немесе 85 000 теңге мөлшерінде көтермеақы берілетін болады. Бұл ақша еңбекақы емес, тұрақты еңбекақыға қосымша екендігін баса айтамын, - деп атап өтті А. Мұхамбетов.

Әкімнің айтуынша, мобильді рекрут пункттері ашылады, олардың шеңберінде әкімдіктер коронавирусқа жедел тестілеу, қызметкерлерді жинау және жаңа жұмыс орнына дейін тасымалдау жүргізетіндігін айтқан.

Түсіндіру жұмыстарына Nur Otan партиясы мен қоғамдық ұйымдар белсенді түрде қатысуы тиіс. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша жұмыс берушілер лайықты еңбек жағдайларымен және қорғау құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті, - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, бизнеске қолдау тоқтаусыз көрсетіледі. Бұл, ең алдымен, төлемдер мен қарыздар бойынша кейінге қалдыру, салықтық преференциялар.

Қостанай облысында бүгінде 51 494 ШОБ объектісі жұмыс істейді (ШОБ-пен жұмыспен қамтылғандар саны 158,8 мың адамды құрайды).

Кәсіпкерлерге, ең алдымен жұмыспен қамтуды сақтау және қызметкерлерге жалақы төлеу мақсатында салықтық ауыртпалықтар төмендетіледі. Қоғамдық тамақтану, сауда, көлік қызметтері, туризм, қонақ үй бизнесі салаларындағы ШОБ субъектілері үшін 6 айға (1 сәуірден 1 қазанға дейін) еңбекақы төлеу қорынан салық және басқа да төлемдерді есептеу мен төлеу жойылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ШОБ үшін барлық салықтарды үш айға төлеу тоқтатылды. Сонымен қатар, салықты кейінірек төлеуге тура келеді. Экономикадағы жағдайға байланысты түпкілікті шешім қабылданатын болады, - деп мәлім еткен аймақ басшысы.

 


Өзгелердің жаңалығы