Қостанай зауыты жылына 700 тракторға дейін шығарады

23 Маусым 2020, 23:17
1820
Бөлісу:
Қостанай зауыты жылына 700 тракторға дейін шығарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы техникасы паркінің қазіргі жағдайы ерекше назар аударуды талап етеді. Бүгінде елімізде 153 мың трактор мен 42 мың бірлік комбайн тіркелген, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. 

Ауыл шаруашылығындағы жағдайды ескере отырып, қазіргі басты мәселе ішкі өндіріс есебінен ауыл шаруашылығы техникасының қатты тозған паркін жедел жаңарту болып табылады. Өйткені тракторлардың 65%-ы мен комбайндардың 46%-ы 17 жылдан астам пайдаланылуда. Ол үшін елімізде ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының заманауи өндірісін құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы техникасының ескірген паркін жаңарту саланың еңбек өнімділігін және өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Осы бағытта жасалып жатқан жұмыс ретінде 2019 жылдың 23 қазанында "Қостанай трактор зауыты" базасында "Кировец" тракторлары өндірісінің ашылуын атап өту керек. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 700 тракторды құрайды, – делінген хабарламада.
Жоба Қазақстан мен Ресейдің өнеркәсіптік кооперация бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Техника өндірісі Қостанай қаласының индустриалдық аймағында "Петербург трактор зауыты" АҚ-мен ынтымақтастықта басталды.

Кәсіпорынның ел үшін жоғары экономикалық және әлеуметтік маңызы бар. Қазақстанда технологиялық құзыреттілік трансферті, терең оқшаулануы және жоғары қосылған құны бар барлық заманауи халықаралық нормалар мен стандарттарға жауап беретін бірегей өндіріс құрылды.

"Кировец" тракторлары қазақстандық шаруалар арасында мықты әрі төзімді техника ретінде жоғары сұранысқа ие. Бұл ретте Қостанай трактор зауытының өнімін "ҚДБ-Лизинг" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ және "ТехноЛизинг" ЖШС ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдаудың қолданыстағы лизингтік бағдарламалары шеңберінде сатып алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы