Қостанай облысында құс өнімінің бағасы шарықтады

9 Қазан 2020, 02:32
1282
Бөлісу:
Қостанай облысында құс өнімінің бағасы шарықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында құс өнімінің құны 10 данасына орташа есеппен 100 теңгеге қымбаттаған. Елдегі құс өсірушілер одағы бағаның шарықтауына әсер еткен бірнеше факторды атады. Жергілікті шенеуніктер тығырықтан шығу үшін тұрақтандыру қорындағы өнімді саудаға шығармақшы, деп мәлімдеді Астана арнасы.

Аймақтағы ірі құс фабрикалардың бірі жұмысын тоқтатқанына қарамастан, базарда жұмыртқа тапшылығы байқалмайды. Сауда сөрелерінде өнім жеткілікті. Тек құны көтерілген.

Әр жұмыртқаның құнын 34 теңгемен есептейтін болсақ, онда мына түрі 6 теңгеге, ал мына жұмыртқалар 10 теңгеге қымбаттады. Орташа есеппен әр жұмыртқаның бағасы 10 теңгеге өсті, - деді сатушы Ирина Диандага.

Кейбір саудагер 10 теңгеге  дейін көтеріп жатыр. Мен фабрика бағасына 2-3 теңге ғана қосып сатам. Өйткені жұмыртқаның құны тым қымбаттап кетті, - деді жеке кәсіпкер Елеонора Шмаглиенко.
Жұмыртқаның 10 данасы бір ай бұрын 260-280 теңге болса, бүгінгі бағасы 400 -ге дейін жеткен. Жергілікті атқамінерлер өнім бағасының жіті бақылауда екенін айтып отыр. Енді олар тұрақтандыру қорындағы азықты арзан бағамен саудаға шығаруды жоспарлап қойған.  

Қазіргі таңда  «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы базасында 8 миллион дана жұмыртқа мен  2 тонна құс еті сатып алынды. Алдағы екі –үш күнде оның шектеулі бағасы белгіленетін болады. Сосын жәрмеңкеде төмен бағамен саудаланады, - деп мәлімдеді Қостанай қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Илона Тимошенко.
Құс еті мен жұмыртқаның бағасы өткен жылмен салыстырғанда 20-25 пайызға өскен. Соңғы бір айда өнімнің құны 50-100 теңгеге қымбаттады. Әкімдік өкілдері бағаның шарықтауына құс тұмауының ешқандай қатысы жоқ екен.

Ал, құс өсірушілер одағы құс өнімінің қымбаттауына дендеген індеттің әсер еткенін айтады. Бұдан бөлек бидайдың бағасы, яғни жемнің құнымен де байланыстырды.
Жаңа жылдан кейін тағы көтеріледі бағасы бидайдың. Сондықтан жұмыртқа бағасы да көтерілуі мүмкін. Россия Жамбыл мен Шымкентке уже алып кепті. Біз көтерсек олар бірден кіреді. Бұрын Ресейге қарағанда 1-2 теңге төмен ұстаушы-ек, - деді Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов.

Құс тұмауына келер болсақ, облыстағы жағдай тұрақталды. Бірақ өңірдегі 8 елді-мекенде  шектеу шаралары әлі сақталуда. Сала мамандары Арқалық құс фабрикасын 21 күнге карантинге жапқан.

Өзгелердің жаңалығы