Қостанай облысында орманнан өрт шықты

2 Шілде 2020, 03:24
1840
Бөлісу:
Қостанай облысында орманнан өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысы аумағында Қарабалық ауданы Талды ауылынан бір шақырым жерде «Михайлов орман шаруашылығы мекемесі» КММ учаскесінде орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аумағы 13,3 га құрғақ шөп және 3,6 га жерді жалып шарпыған. Өрттің жалпы ауданы – 16,9 га құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға «Михайлов орман шаруашылығы мекемесінің» КММ 18 қызметкері мен тоғыз техникасы, сондай-ақ "Тоғызбай-Агро" ЖШС ерікті өрт сөндіру құрылымдарының бір адамы мен бір техникасы жұмылдырылды. Орманшылардың жедел іс-қимылдарының арқасында оттың таралу қаупі жойылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Өрттің болжамды себебі – отты абайсыз пайдалану.


Өзгелердің жаңалығы