Қостанай облысында карантинді жеңілдетудің жаңа кезеңі енгізіледі

21 Мамыр 2020, 13:03
1272
Бөлісу:
Қостанай облысында карантинді жеңілдетудің жаңа кезеңі енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен коронавирусты инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Бүгінгі күні Қостанай облысында COVID-19-дың 112 жағдайы тіркелген, оның ішінде 50 адам сауығып, 2 адам қайтыс болды.

Жедел штаб отырысында Жітіқара қаласын қоспағанда, облыс аумағында карантиндік іс-шараларды жеңілдетудің 4-ші кезеңін енгізу туралы шешім қабылданды.

костик.jpeg

Осылайша, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып,  4-кезең шеңберінде осы жылдың 25 мамырынан бастап (Жітіқара қаласын қоспағанда) санитарлық-эпидемиологиялық режимді күшейтумен келесі объектілердің жұмысына рұқсат етіледі:

1. Азық-түлік емес сауда орталықтары мен дүкендер (алаңы 2000 ш.м. астам), сауда-ойын-сауық орталықтары, оларда фуд-корттардың, кинотеатрлардың, ойын-сауық объектілерінің және мәдени-бұқаралық бағдарламалардың жұмыс істеуін қоспағанда;

2. Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (даму, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.);

3. Банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, атаулы іс-шаралар, сондай-ақ мектеп бітіру іс-шараларын өткізбей, 7-00-ден 22-00-ге дейін уақытта үстелдерді бір-бірінен арақашықтығы кемінде 2 метрден орналастырып, келушілер саны 30 адамнан аспайтын қоғамдық тамақтандыру объектілері, оның ішінде жазғы террастар;

4. Массаж салондары;

5. 30 адамға дейін репитиция өткізуге арналған кітапханалар, мәдениет объектілері;

6. 30 адамға дейінгі топтарға, оның ішінде тренажер залдарына жаттығу өткізетін спорт объектілері;

7. Қосымша қызмет көрсетусіз қонақ үйлер (СПА, бассейндер, жаттығу залдары, бильярд, кинозалдар, конференцзалдарды жалға алу).

Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейінгі шектеулер;

- Елді мекендер арасындағы жүріп-тұру;

- Тұрғындардың тұрғылықты жерінен сағат 22-00-ден 6-00-ге дейін шығуына тыйым салу;

- Көрмелердің, кинотеатрлардың, көрермендерге келуге арналған театрлардың, ойын алаңдарының барлық түрлерінің (аулаларды қоспағанда);

- Түнгі клубтар, фитнес, букмекерлік кеңселер, компьютерлік және ойын клубтары, кальян, бильярд, боулинг орталықтары, караоке;

- Санаторийлер, профилакторийлер және демалыс базалары;

- Аквапарктер, бассейндер, тату-салондар;

- Бір мезгілде келушілер саны 20-дан астам болатын моншалар мен сауналар;

- Мектепке дейінгі балалар ұйымдары (кезекші топтардан басқа);

- Діни нысандар.

Сондай-ақ, Ораза Айт мұсылман мерекесі қарсаңында, облыс әкімі тұрғындарына осы мерекені көпшілік қауымсыз, туған-туыстары мен жақындарының ортасында мерекелеуді ұсынды.

Сондай-ақ, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстағы аурудың жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатқандығын және карантиндік шараларды одан әрі жеңілдету туралы шешім эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, кезең-кезеңмен қабылданатынын атап өтті.

Сонымен қатар, карантиндік іс-шараларды жеңілдету шеңберінде, Қостанай облысы бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысынан мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің 50% қашықтықтан жұмыс нысанының тармағы алынып тасталады, - деп хабарлады Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Өзгелердің жаңалығы