Қостанай облысында бес мың гектар жердегі егіс күйіп кетті

2 Тамыз 2020, 09:56
1364
Бөлісу:
Қостанай облысында бес мың гектар жердегі егіс күйіп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жазғы аптап ыстықта Жітіқара мен Қарабалық аудандарының  астық алқабы біршама зардап шекті. Бұл туралы Хабар24 арнасы хабарлады.

Ресми мәліметке сүйенсек, 4 мың 600 гектар  егін күйіп кеткен. Бұл сақтандыру ақысын алуға өтініш берген үш шаруашылықтың ғана егістік аумағы. Жалпы биылғы жылдың 5 маусымынан  елімізде өсімдік шараушылығын сақтандырудың жаңа жүйесі енгізілді. Берілген қысқа мерзімде көбі егістік алқаптарын сақтандырып үлгірмегенге ұқсайды.  Облыс бойынша небәрі  4  шаруашылық құрылымы ғана сақтандыру шартын жасасқан.  Мамандардың айтуынша, зардап шеккен алқаптары үшін  олар  10 миллион тенгеге жуық сақтандыру ақысын  алады. Жаңа жүйенің тиімді тұстары  көп.

Жаңа сақтандыру жүйесінің артықшылығы бар. Біріншіден, бұл міндетті емес, ерікті түрде. Екіншіден, сақтандыру жарнасының жартысын  мемлекет өтейді.  Егер 1 мың гектар егін алқабы  толық күйіп кетсе, 30 мың тенге нормативпен, ол 14 миллион 500 мың тенге сақтандыру төлемін алады, - ауыл шаруашылығы  және жер қатынастары басқармасының бас маманы Дина Хамзина.


Өзгелердің жаңалығы