Қостанай облысында 18 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдетіледі

15 Мамыр 2020, 13:12
1410
Бөлісу:
Қостанай облысында 18 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті.

Облыс әкімі атап өткендей, бүгінгі таңда инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылдануда.

Қостанай облысында осы жылғы 15 мамырда сағат 10.00-дегі жағдай бойынша COVID-19 жұқтырған 72 адам тіркелді, 36 адам сауығып шықты, 1 адам қайтыс болды.

Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің ұсыныстарын, сондай-ақ қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Жедел штаб осыжылдың 18 мамырынан бастап келесі салаларда қызметке рұқсатты қайта бастау туралы шешім қабылдады, Жітіқара қаласыны қоспағанда (Жітіқара қаласында карантиндік іс-шараларды жеңілдету өңірдегі жағдайға байланысты ағымдағы жылдың 25 мамырынан жоспарланған),  - делінген ақпаратта.

1. Бірге серуендеу кезінде масканы кию ұсынысымен (2 және одан да көп адам) тұратын жерінен еркін шығуға;

2. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, топтармен 3 адамнан аспайтын немесе бір отбасы мүшелерінің саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, ойын-сауық объектілерсіз жағалауларға баруына;

3. Азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, сондай-ақ ауданы 2 мың ш.м. дейінгі азық-түлік емес дүкендер мен сауда орталықтарының жұмыс режимін уақытша шектеумен қызметі 10:00-ден 17:00-ге дейін;

4. Медициналық маска киген келушілерді қабылдаумен қамтамасыз етумен сұлулық салондарының жұмысына (алдын ала жазылу бойынша);

5. Халыққа қызмет көрсету объектілерінің жұмысы: баспаханалық қызмет көрсететін объектілерге, тігін ательелеріне, аяқ киім шеберханаларына, аяқ киім, киім жөндеу бойынша сервистерге;

6. Бассейндерді пайдаланбай моншалардың, сауналардың (бір ауысымда 20 жуу орнына дейін) жұмыс істеуіне;

7. Мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың жұмысына;

8. "Клиенттерге жеткізу және сыртқа шығару" қағидаты бойынша қоғамдық тамақтану объектілеріне;

9. Ашық ауада спорттық жаттығуларға;

10. Облыс денсаулық сақтау басқармасының шешімі бойынша науқастарды кезең-кезеңімен жоспарлы емдеуге жатқызуға;

11. Сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін шектеулі уақыт бойынша қалалық қоғамдық көліктің, сондай-ақ сағат 7.00-ден 21.00-ге дейін шектеулі уақыт бойынша бау-бақша қоғамдарына дейінгі қоғамдық көліктің жұмысын қайта жандандыруға және отырғызу орындарының саны ғана бойынша жолаушыларды алуға рұқсат етіледі;

12. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің қызметіне рұқсат етіледі, бұл ретте қызметкерлердің 50%-інде қашықтықтан жұмыс режимі сақталады (штат саны 30-дан астам қызметкерден тұратын).

Облыстың санитарлық дәрігеріне жоғарыда көрсетілген нысандардың жұмысына рұқсат беру туралы тиісті қаулы қабылдауды тапсырамын, – деді Архимед Мұхамбетов.

Сонымен қатар, облыс аумағында қолайлы эпидемиологиялық жағдай болған жағдайда ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап облыс аумағында:

1. Сауда орталықтарының, азық-түлік емес дүкендердің (алаңы 2000 ш.м. астам);

2. Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының(даму, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т. б.);

3. 7.00-ден 21.00-ге дейін үстелдерді бір-біріне 2 метрден жақындатпай орналастыра отырып, жазғы террасалары бар қоғамдық тамақтандыру объектілеріне, қалғандары "клиенттерге жеткізу және сыртқа шығару" қағидаты бойынша (қарауына қарай – отыратын орындары 30-ға дейін сыйымдылығы бар мейрамханаларды, дәмханаларды ашу ұсынылады);

4. Массаж салондарына;

5. Кітапханаларға,

6. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне;

7. Спорт объектілеріне(30 адамға дейінгі топтар үшін оқу-жаттығу процесін өткізу);

8. Мәдениет объектілерінің жұмысына(жеке және топтық дайындық 30 адамға дейін)қызметіне рұқсат беру жоспарланып отыр.

Қызметі уақытша тоқтатылған ретінде қалады:                                                       

1. Вокзалдар, автостанциялар;

2. Елді мекендер арасындағы жүріп-тұру;

3. Сауда-ойын-сауық орталықтары(оларда орналасқан тамақ өнімдерін өткізетін қоғамдық тамақтану және сауда объектілерін, дәріханаларды қоспағанда);

4. Көрмелер, кинотеатрлар, көрермендерге арналған театрлар, балалар орталықтары мен ойын алаңдарының барлық түрлері(аулаларды қоспағанда), түнгі клубтар, фитнес, букмекерлік кеңселер;

5. Компьютерлік және ойын клубтары, кальян, бильярд, боулинг орталықтары, караоке,

6. Санаторийлер, профилакторийлер және демалыс базалары, қонақ үйлер;

7. Аквапарктер, бассейндер, спорттық кешендер (үйірмелер, секциялар), тренажер залдары (орталықтар), тату-салондар;

8. Діни объектілер.

Аталған ұйымдардың қызметке рұқсат беру мәселесі ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін жедел штаб отырысында қаралатын болады.

Сонымен қатар, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Сондай-ақ, облыс әкімі қалалар мен аудандардың әкімдеріне Атырау облысынан келген "Теңізшевройл" ЖШС қызметкерлерін КВИ талдауының теріс нәтижесін алғаннан кейін және карантиндік стационарлардан шығарғаннан кейін тұрғылықты жеріне дейін жеткізу мен үй карантинін сақтау жағдайларын бақылауға алуды тапсырды, - делінген ақпаратта.

Соңында Архимед Мұхамбетов санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық мәселелері тұрақты бақылауда екенін және енгізілген жеңілдіктерге қарамастан, барлық уәкілетті органдар тарапынан облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жағдайды күшейтілген бақылау қамтамасыз етілуі тиіс атап өтті. 

 


 

 

Өзгелердің жаңалығы