Осман империясы кезіндегі қанжарды Қазақстанға әкелген қылмыстық топ ұсталды

17 Мамыр 2019, 19:18
4186
Бөлісу:
Осман империясы кезіндегі қанжарды Қазақстанға әкелген қылмыстық топ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топ жалпы құны 3 млн АҚШ долларына бағаланған жәдігерлерді контрабандалық жолмен елге әкелген, деп хабарлады Almaty.tv.

Аса құнды жәдігерлер қатарында, АҚШ-тың бірінші президенті Джордж Вашингтон мен генерал Роберт Эдвард Лиге тиесілі қару, Осман империясы кезіндегі қанжар мен қылыш, қос «Фаберже» жұмыртқасы және 100 шақты картина табылған. Сондай-ақ, салмағы 42 келі, ал жалпы сомасы шамамен 1,5 млн АҚШ доллары тұратын зергерлік бұйым да тәркіленді. Аталған оқиғаға қатысты биыл сот шешімі шығып, ұйымдасқан топтың мүшелері 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. 

«Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің өндірісіндегі іс өз мәресіне жетті. Сотқа дейінгі тергеу кезінде ұйымдасқан қылмыстық топқа бірнеше бап бойынша айып тағылды. Қылмыстық кодекстің «заңсыз кәсіпкерлік», яғни 214-бабының 1-тармағы бойынша, «экономикалық контрабанда», 234-баптың 3-тармағы және «қылмыстық топты басқару» 262-бабының бірнеше тармағы бойынша тергеу жүргізілді. Ұйымдасқан қылмыстық топ өз пайдаларын ойлап, елге зергерлік бұйым, қолданбалы өнер, артефактілерді контрабандалық жолмен елге өткізген», - деді Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Жандар Ибрагимов.


Өзгелердің жаңалығы